«Ауыл» партиясының өкілдері Қостанайда фермерлердің ата-аналарымен кездесті

1921
Adyrna.kz Telegram

«Ауыл» партиясының Қостанай облысындағы филиалы 2023 жылғы 1 наурызда Қостанай қаласында «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімі бойынша кандидат Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, София Әбдіразақова, Светлана Прокопьева, Рабиға Тоқсейітова, Берікжан Қайыпбай қатысқан «АӨК фермерлер ата-аналарының айтумен» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Екі бөлімнен тұрған шараға  «Фермерлердің ата-аналары» қатарынан отбасылық аграрлық әулеттердің негізін қалаушылар, фермерлердің ата-аналары мен туыстары, студент жастар, «Ауыл» партиясы мүшелері, АӨК, білім және мәдениет өкілдері қатысты. Шара «Барлығы тыңдалуы тиіс!» ұранымен өтті. Шараның басты мақсаты осы – бәрін тыңдау болатын. «Мемлекет тарапынан фермерлерге бөлініп жатқан көмектің оларға үлкен машақатпен жырымдалып жететіні, тіпті жетпейтіні бүгінде баршаға аян. Жаны күйген жас фермер ішкі қыжылын жанындағы жақынына ғана айтады. Ары қарай шықпай іште шемен болып қатады. Бұл өте шетін және қауіпті мәселе.  Мүмкін баласының айта алмай жүргенін ата-анасы айтар. Сондықтан да фермерлердің ата-аналарын жинап, мұң-мұқтажға құлақ түріп жиын өткізіп жатырмыз. «Ауыл» партиясы ауыл проблемасын өте жақсы біледі және оларды шешу бойынша нақты өзіндік көзқарасы бар. Біздің саяси платформамызда жалпы ауылдық аумақтарды және әрбір ауылдық елді мекенді дамытуға, атап айтқанда, олардың өткір тұрған экономикасы, әлеуметтік, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымы мәселелеріне маңызды рөл берілген. «Ауыл» партиясы Мәжіліске барғанда осы ұстанымдарды одан әрі қорғап, қолда бар барлық ықпал ету тетіктері мен ресурстарды пайдалана отырып, бағдарламалық құжаттарын іске асыратын болады. Біз үшін ауыл әрқашан басымдық пен құрметке ие», -деді дөңгелек үстелге келгендер алдында сөз алған Мәжіліс депутаттығына партиялық тізімі бойынша кандидат Қайрат Айтуғанов.            

«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасымен жан жақты танысқан, оның балалары айта алмай жүрген мәселелерді шешуге бағытталғанына көз жеткізген ата-ана өз  тараптарынан аманаттар мен ұсыныстар берді. Жиынға қатысқан 250-ге жуық адам – ата-аналар, жастарда «Ауыл» партиясының кандидаттарымен кездесуден кейін ауылдың, ауыл шаруашығының болашағына деген үміт, жаңаша көзқарас пайда болды. Шараның екінші бөлігі түстен кейін Қостанай ауданы, Заречное ауылында орналасқан «Қазақ тұлпары» ЖШС жылқы зауытының аумағында жалғасты.  ҚР Парламенті Мәжілісіне және «Ауыл» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттарға кандидаттар Қостанай облысының АӨК өкілдерімен «Қостанай жылқы тұқымын дамыту мәселелерін анықтау және шешу» тақырыбында талқы жасады. Одан кейін делегация аталған ауылдағы «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ғылыми өндірістік мекемеге барып, машина-трактор паркінің көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын барлады. Квазимемлекеттік мекеменің бүгінде шаруасы шатқаяқтап тұр. Өндірісте жүрген ғалымдар осы мәселені қозғады. «Ауыл» партиясының бағдарламасымен танысқан олар өздерінікіндей мекеменің күні енді туатынына, ғылымның дамитынына көздерін жеткізді.

Материалдың ақысы «Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражатынан төленді.

Пікірлер