Ұлттық оркестр «ADAGIO» классикалық музыка кешін өткізді

2518
Adyrna.kz Telegram

2023 жылы 15 ақпан сағат 19.00-де Құрманғазы оркестрінің ғимаратында Ұлттық оркестрдің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «ADAGIO» классикалық музыка кеші өтті. Кеште әлемдік және отандық танымал композиторлардың классикалық туындылары орындалды.

Сондай-ақ, оркестрдің қызыққа толы кезекті концертінде жеке орындаушылар Нұрғалым Аманбай, Игорь Благодарный, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік аралас хоры және дирижерлар Ян Рудковский, Қанат Ахметов, Абылай Тілепберген өнер көрсетті.

Концерт барысында, әлемдік хит туындылардың көшін бастаған Жорж Бизенің «Кармен» операсына увертюрасы, Джордж Фридерик Гендельдің 1727 жылы Англия королі Джордж II-нің таққа отыруына орай жазған әнұраны «Zadok the Priest», Джакомо Пуччинидің Турандот операсынан «Nessun dorma» ариясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды.

Музыка – жүрек тілі, сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Иә, өйткені, классикалық музыка – адамзаттың таңғажайып туындысы. Өйткені музыканың өз тілі және терең мағынасы бар. Музыка сөйлейтін жерде сөздің күші, құдірет-қуаты жетпейді.

Пікірлер