“Біз фамилияға қарамаймыз!”: Jusan Bank Қазақстанға қайтарылады - Саиров

6049
Adyrna.kz Telegram

Шетелге активтерін заңсыз шығарған “Jusan Bank” Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы саясаткер Ерлан Саиров өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы. 

- Сүйінші! Алпауыт олигархтармен күресіміз өзінің нәтижесін беріп жатыр. Біздің сұрауға сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы осы мәселе бойынша жүйелі жұмыс істеуде! Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Pioneer Capital Invest» ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың (бұдан әрі – «Jusan» тобы) активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласы прокурорының талап арызы бойынша азаматтық іс қозғады,- деп жазды Ерлан Саиров. 

Саясаткердің айтуынша, халық қазынасын  қайтару жұмыстары жалғасын таба бермек.

- "Jusan Bank" дегі былық-шылықты анықтап, капиталды мемлекетке қайтару жұмысы түбіне дейін жеткізіледі! Ұлттық мүдделерді қорғау әр-бір азаматтың борышы! Халықтың игілігін "жеп-ішіп" қойған фактілердің барлығын анықтап, ел байлығын мемлекетке қайтаруды жалғастыра береміз! Біз фамилияға, бұрынғы еңбегіне, байлығына қарамаймыз! Халық игілігі мемлекетке қайтуы тиіс! Біз Біргеміз,- дейді Саиров. 

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер