Айдың, күннің аманында табиғаттың толқынысы аласапыранға айналып, 10 аймақты қатарынан түгескен жер сілкінісінің табиғатқа тигізген зарары көп. Жер тақталарының соқтығысынан тау жарылып, тас көшкен. Су ағысы кері бұрылып, жер бедері өзгеріске ұшыраған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Түрік медиасы зілзананың табиғатқа тигізген зардаптарын көрсетті. Суреттерден таудың қақ айрылып, тастың көшкенін аңдауға болады. Сонымен қатар, жол сөгітіліп, су сарқылған.








"Адырна" ұлттық порталы