Түркістан облысында жауын-шашын саябырсып, жағдай тұрақталып келеді

2851
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында қатты жауын-шашын мен қалың қардың еруі салдарынан су деңгейі көтеріліп, көшелерді су басу жағдайы Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында орын алған болатын. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда аталған аудандарда сағат 13:00-ден бастап жауын-шашын тоқтады. Жағдай тұрақталып келеді.

Тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу мақсатында, ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору және суды айдау жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған жұмысқа Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 63 қызметкер, 9 бірлік техника, 20 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 240 қызметкері, 40 бірлік техника, 5 мотопомпа жұмылдырылып, суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер