"Мұрны қанап, аяғын әрең басты": Алматыда дене шынықтыру сабағында 9 жастағы оқушысы бас жарақатын алды

4681
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматыда дене шынықтыру сабағында оқыс соққыда жабық бас ми жарақатын алып, ауруханаға түскен тоғыз жастағы балаға қатысты оқиға тергеліп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 ІІМ баспасөз қызметі қазір бұл факті бойынша Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Баланың алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Ал оқушының анасы оқиғаны жасыруға тырысқан мектеп әкімшілігіне наразы.

Тоғыз жастағы баланың анасы 14 желтоқсанда No48 мектеп-лицейде дене шынықтыру сабағында оқыс оқиға орын алғанын, кейін бала жабық бас-ми және бірқатар бетіндегі, көз алмасының контузиясы және көгерген жерлер жарақаттармен ауруханаға түскенін айтты.

"Видеолардың бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі баланы жаттығу залынан қалай көтеріп алып бара жатқаны көрсетілген. Бұған қарап соқтығысқаннан кейін баланың қандай күйде болғанын көруге болады. Оған тіпті қажетті медициналық көмек көрсетілмеген, жедел жәрдем шақырылмаған. Олар оқиғаны барынша жасыруға тырысқан. Оқиғадан кейін бірден мұғалім қоңырау шалып, болған оқиғаны жеңіл түрде айтып, жедел жәрдем шақырайық па деп сұрады. Жағдайды жеңіл сипаттағасын мен онда аса қатты дәнеңе жоқ шығар деп, қажет емес екенін айттым. Тіпті есік алдына шығып тұрсын, алып кетемін деп өтіндім”,- дейді баланың анасы КТК арнасына.

Анасы баласын өз көзімен көргенде бәрі суреттелгеннен әлдеқайда ауыр екенін түсінген.

“Мұрнынан қою қан шығып, аяғын әрең басып тұрды. Беті бозарып, дірілдеп, ауырғаннан жылады. Мұғалім оны киіндіріп, екінші қабаттағы кабинетінің есігінен шығарып салып, тезірек сауығып кетуін тіледі. Есік жабылған соң олардан есеп сұрайтын уақыт болмады. Мен баланы мектептен қолыма көтеріп алып шықтым да өз бетімше ауруханаға апаруды шештім", - деп қосты ол.

Баланың анасының сөзінше, бейнебақылау камераларының жазбаларына қарағанда, дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Мұғалім оқушыларға тиісті көңіл бөлмеген. Ата-аналар директор мен мұғалімге шара қолдануды талап етеді.

Полиция бұл іс бойынша кешенге жүргізілген тексеру шаралары нәтижелері бойынша шешім қабылданады деп жауап берді.

Пікірлер