Серік Елікбайдың саяси рейтингісі

2337
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы саясаткерлер портреті жайлы сөз басы

Авторитарлы режим кезіндегі саясатта- бейтарап немесе тәуелсіз саясаткерлер ия болмаса  ұлтқа қызмет етер,  мемлекет үшін жан берер саяси партиялар болмайды!  Болдырмайды...  Бұл аксиома!

Екінші; бұндай жүйе шағында өздігінен-билік ырқынсыз президенттікке ешкім таласпайды! БҰЛ ДЕМОКРАТИЯ АТЫН ЖАМЫЛҒАН-АВТОРИТАРЛЫ БИЛІКТІҢ ЖАЛҒЫЗ ДА АЙНЫМАС БЕЛГІСІ!

Үшінші; фарс-мажорлы шақта билікке жалшылықта, құлшылықта жүрген майда жүріс малайлар келеді! Бүгінгі өзбек, түркімен билігі тіпті қырғыз да соған айғақ. Бұның негізін бізде Қонаев салды, соңынан өкінсе ұлт үшін емес өзі үшін өкінді...  Авторитарлы билік кезінде ешқандай болжам жасау мүмкін болмайды. Бұл оның төртінші белгісі.

Бесінші белгісі;  әміршіл  билік шағында ұлттық мүдде  басты назарға алынбайды да, бір ғана адамның көңіл күйі нысанада болып, мемлекет соған және соның жанұясы үшін қызмет етеді. Алтыншы;  билік таласы бұрынғы билікте болғандар, қашып кеткендер түрмеге түскендер мен бүгінгі билік арасында ғана болады.Ол жерде бейсуат немесе көлденең көк атты жүрмейді. Ол күрес көрінбес ішкі кабинеттерде болуы мүмкін,  немесе Қажыгелдин, Жақияновтар тектес жарыққа шығады. Айналып келгенде бұл билік үшін талас, бұлардың еш қайсысы ұлтым деген ұранға бармайды.  Әбіләзов та...

Жетінші; әміршіл билік шағында түрлі күлкілі де қорқынышты комбинациялар ұсынылады. Мысалы,  бір "әртістің" жер деп егілуі, "саясаткер" біреулердің полицияға ұсталуы т.б.  Аттары елге мәлім!

Сегізінші; әміршіл билік кезінде басшы дау-дамайды өзі қоздырып, төре би арбитраж болып отырады! Ол ойын-қоздырушының кім екені айғақсыз танылғанға дейін жалғана бермек! Әміршіл жүйедегі еріксіз жасар ісіміз болжам болмақ.  Кімдер билік басына келеді? Бүгінгі жүргендер ішінде кімнің мүмкіндігі бар?  Осыған біз де өз ойымызды қосуды жөн көрдік.  1920 жылғы "Силуэты;политическое портреты" секілді, немесе "Қызыл Мұсалардың қазасы " тектес еңбектер жоғы қаперсіз қазақы күнімізге айғақ.  Саясаткерлерге арналған "Серік Елікбай рейтингісі" аталар бағамға бірінші мән беруге тырысарымыз,аталған жанның мынандай тұстарына сараптама береміз.

А) ұлтқа көзқарасы, Ә) шыққан ортасы, саяси биографиясы, Б) саяси-идологиялық қарымы, Г) мінез-характерлік мүмкіндігі, Ғ) бүгінгі жағдаяты,  Ж) қолдаушы күштері.

Билікке келер жандарды мынандай үш топқа бөлдік

Бірінші; билікте жүргендер. 

Екінші; аласталғандар.

Үшінші;әзір белгісіздер.

(Жалғасы бар)

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер