"Қызымның қанын сатпаңдар!" - Басқарма "Қанды қаңтарда" атылған төрт жасар Айкөркемнің ісін тоқтатып тастады

3933
Adyrna.kz Telegram

"Қаңтар оқиғасы" кезінде оққа ұқшан "мәңгілік бала бейне", төрт жасар Айкөркемнің қазасына қатысты тергеу ісін оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы тоқтатып тастады. Айыптылар қазақтың бір перзентін "қан бөктірcе" де, тергеуге жауапты тарап болған істің «қылмыстық құрамы жоқ» деп таныған. Бұл жайлы Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы "Аzattyq"-қа сілтеме көрсете отырып.

Тергеуші тарап қазақтың аяулы перзентін өлімге қиғандарды заң негізінде әрекетке барды деп санап отыр. Бұған дейін төрт жасар бүлдіршіннің кейін бас сүйегін жоғалтып жібергені де хабарланған еді.

- Тергеу органы істе «қылмыс құрамы жоқ» дейді. Яғни, Айкөркемді ату қылмыс емес, қаруды заңды негізде қолданған-мыс. Әрине біз шағымданатын боламыз, - деді адвокат Рафик Бейсебеков бұған қатысты.

Төрт жасында өзіне қарсы кезенген қару мен атылған оқтың кесірінен мәңгілік ұйқыға кеткен Айкөркемнің әкесі қылмыскерді таппайынша жаны жай табар емес.

- Бұл масқара ғой, сөзім жоқ. Қызымды өлтіргендерді табудың орнына істі тоқтатқан, онысымен қоймай істі «құпия» етіпті. Желтоқсанның аяғында тоқтатыпты. Кеше оны естіп адвокатым айқай-шу шығарғаннан кейін хат жіберіпті. Енді іс материалдарын да көре алмайтын болдық. Не істерімді де білмей отырмын, ести сала қолхат жазып ауруханадан бүгін шықтым, - деді 6 қаңтарда Айдос Мелдехан Азаттыққа берген сұхбатында.

Ескеріңізге сала кетейік, төрт жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматы қаласында дүкен іздеп шыққан жақындарымен бірге көлікте отырған кезде оққа ұшты. Сол оқиға кезінде 16 жасқа аяқ басқан Айкөркемнің әпкесі Жанельге жеті оқ тиген. Оның екеуі кеудесін тесіп өткен, денесінен бес оқ алынды. Жедел медициналық жәрдем ауруханасында денесінен 4 оқты омыртқа, өкпесі, жамбасынан алған. Бесінші оқты Алматы қаласы Бағанашыл ықшамауданындағы балалар хирургиясында алды. Көлікті көздеп, оған кімнің оқ атқаны әлі күнге жұмбақ күйінде қалды. Әкесі көліктен әскери оқ тапқанын хабарлады. Тергеуші тарап, бұдан қандай да бір қылмыстық әрекеттерді байқамай, болған істі жоқққа шығарып бағуда.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер