Жаңа жыл мерекесін тойлау харам ба? - дінтанушы жауап берді

5662
Adyrna.kz Telegram

Міне, күтсек те, күтпесек те, асықсақ та, асықпасақ та, жатсақ та, тұрсақ та, қалай болғанда да, Иса а.с. дүниеге келген уақытынан бері есептелетін, Григориан календарымен 2023 жыл келді.

Біздің эрамызға дейінгі 45 жылы Юлий Цезарь енгізген, өз атына сай «Юлиан» күнтізбесін, високостық жылдар сәйкес келмейді, артық күндер бар деп, тағы да себептер тауып, Рим папасы Григорий XIII, 1582 жылдың 4 қазанда, тағы да, өз атына сай «Григориан» күнтізбесін енгізді. Әрине, бүкіл әлем жұртшылығы, оның ішінде христиан әлемі бәрі қол шапалақтап, «папаның аты папа ғой, осы жөн айтып тұр», - деп қолдай кеткен жоқ. Тіпті, қанды қақтығыстар болып өткен. 1583ж. Григорий Папаның, жаңа календарға ауысу туралы ұсынысын, Константинополь Патриархы Иремии ІІ қабылдамай тастады.

«Ескі» мен «Жаңаның» текетірестері қанша ғасыр өтсе де әлі де сарқыншағы қалып, күнтізбеге өткен айырмашылдық күндер елді әуресарсаңға салуда. Ал, Иисус Христос с.а. туған күнін - «Рождество» екі рет (25 желтоқсан мен 7 қаңтарда атап өту), 13 нен 14 қаңтарға ауысатын «ескі жаңа жыл» (старый Новый год) деп атап өту, 1818 жылы РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қаулысымен Жаңа жылдың Григориан күнтізбесінен басталуын қабылдауы (31 қаңтардан, 14-і ақпаңға бірден ауысу) да посткеңестік елімізде түсінбеушілікті сақтап келеді.

Жаңа жылды атап өтуді Ресей империясында Петр патша, Голландияға барып, кеме жасауды үйренуге барған сапарында көріп, елге келген соң, мереке ретінде тойлауға әмір береді. Жаңалықтарға қарсы болған боярлардың қауғадай сақалдарын күзетіп, масқаралап,

Мұсылман күнтізбесі де, Жаратушы елшісі, соңғы Пайғамбар, Мухаммед мустафа с.а.с. байланысты. Бірақ, туылған күні емес, Мекке қаласынан Мединеге ауысумен (жиһад) байланысты. Мұсылман күнтізбесі Аймен (лунный календарь) саналып, жылына 10 күнге жылжып отырады. Сондықтан, биылғы Рамазан айы (ораза тұтуымыз) 2023 жылдың 23 наурызына сәйкес келсе, келер жылы он күнге, алдыға жылжиды. Ал, ардақты пайғамбарымыздың туылған күнін, сол ай бойы «Мәуліт» деп атап өтіледі.

Мұсылмандар не үшін осы мерекені қабылдамай, харамға жатқызады?

  • Иса ә.с. пайғамбар екенін мойындаймыз, бірақ, соңғы пайғамбар Мухаммед с.а.с. сүннетімен жүреміз. Ахли сунна ұстанамыз, имам абу Ханифа мазхабынанбыз;
  • Жаңа жылда тілекті орындайтын Аяз ата емес, барлық ризық – несібе бір Алладан, оны басқадан күту - ширк. Яғни, Аллаға серік қосу болып табылады;
  • Шыршаны безендендіру, оны қол ұстасып айналу, исламға дейінгі наным сенімнің символы мен әрекеті;
  • Тура сағат 00 – де Жаңа жылды күтіп, цифрлардан үміт етіп, тілеу де ширкке жатады. Жақсылық пен жамандықты сынақ ретінде беретін Жаратушы. Ал, жылдың бір саннан екіншіге ауысуы, белгілеген күнтізбенің реттік өлшемі ғана;
  • Жаңа жылды тойлап, мол дастарханмен қарсы алсаң, келер жылың молшылықпен өтеді деу де күнә, ризық – несібе, бір Алладан. Келер жылды молшылықпен, ризықты молынан, аман - саулық, отбасына береке, елімізге тыныштық бер, - деген сияқты тілектер тек Аллаға бағышталады;
  • Отшашу (салют) арзан зат емес. Оны аттың, болды. Бірақ, қаншама ауаға кеткен ысырап. Оның қаражатын жетім мен жесірге, мұқтаждарға тамақ, киім, оқу ақысына, үй ақысына берген абзал. Жалпы, отшашу – қытайлардың жындарды қорқытып, қашыру үшін қатты тарсылдатып жасайтын нанымдарынан. Сол үшін де, түрлі құбыжықтар жасап есік алдарына қойяды, айдаһарлар жасап, жын – шайтандарды қорқытады. Мұсылмандар – кез-келген іс бастарда «Бисмиллә», «Ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим» (қуылған шайтаннан сақта) деп айту. Қысқаша айтқанда, Алланы еске алудан ол лағнеттер қашады.

Қоғамдағы тағы бір даулы мәселе: түркілердің Жаңа жылы – Наурыз айының 22 –нен басталады. Ал, енді, «ескі» Юлиан күнтізбесі бойынша, жылдың басы – 21-і нааурыздан, күн мен түннің теңелу уақытынан басталады екен. Яғни, көктем айының осы күнін жылдың басы деп белгілеп,атап өту, рим дәуірінде де болған.

Шығыста, соның ішінде парсы өркениетінде де жаңа жыл ұғымы болған. «Новруз» - көне парсы тілінде нава – жаңа, разәңһ – күн екен. Дін ислам келгенге дейін, парсыларда  «зороастризм» басты наным болды. Ирандық пайғамбар – Зороастр (Заратуштра) ілімін ұстану, философиялық наным. Негізі – құдайды от деп танып, соған табынған. Қазірде, әсіресе елдің Оңтүстік өңірінде отпен аластап жататыны, жаңакүйеу бала келгенде табаға от жағып, түтіндетіп, бетке май жағып жататыны сол, ежелден келе жатқан нанымның сарқыншағы. Сол, отқа табынудың өзі, Орта Азияда пайда болып, Месопатамия, екі өзен аймағына, үндістерге дейін барып, Авеста нанымы пайда болған деген ұғым да бар.

Көшпенді халық үшін, қатал қыстан құтылу, мал төлдеп, елдің аузы аққа жетуі, мал көкке жетіп оттауы, бәрі сайып келгенде, табиғи – географиялық ортаның діттегені қоғам болмысына әсер етуі сөзсіз.

Сондықтан да, әлемдік күнтізбе болып қабылданып отырған Григориан күнтізбесін календарлық сәйкестік үшін қабылдап, сонымен жүруіміз – қажеттілік. Ал, Жаңа жылды мереке деп атап өтуімізге, тойлауымызға, көктемнің шырайлы күндері анағұрлым ыңғайлы. Бабаларымыз да, Жаңа жылды атап өтуге еңыңғайлы уақытты таңдап алған ғой.

Балаларға қуаныш силап, отбасымызбен және ағайын – туғанды аралап, қуанышпен бөлісейік деген замандастарымыз, сол ниетпен көктемнің шырайлы күндерінде қыстан еліміз аман шықты деп «көрісу» күндерінде жасаса да болады. Бұл мерекенің тағы бір ыңғайлысы – көктем ерте келетін көктемнің наурызынан бастап, кеткісі келмейтін аязды қыспен кеш қоштасатын Солтүстік аймақтарымыз бір айда тойлап боламыз екен.

Әлемде сан алуан елдер бар, сол Григориан күнтізбесін қабылдап, бірақ, өз Жаңа жылын бөлек атап өтіп жүрген. Мысалы, буддалық Тайланд елі «Христостың» туылған күні емес, Буддаға ағартушылық қасиет келген күннен бастап санап, қазір оларда 2565 жыл екен. Эфиорияда 2015 жыл, Израильде 5782 жыл, Иран мен Ауғанстанда 1400 –і, Индияда 1943, Қытайда 4720-ы жыл екен. Қытайда Жаңа жыл, ақпан айының ортасында атап өтілетінін бәріміз білеміз. Қытай мемлекеті, Григориан күнтізбесін Әлем елдерінің соңғыларының бірі болып,

Еврей жылсанағы көктем айынан басталса да, Әлемнің жаратылысы жетінші – қыркүйек айына келеді деп Рош ха Шана мерекесін атап өтеді екен. Бірақ, ешқандай ысырап, шампан ату, корпоратив емес. Бұл онкүндікте, әр адам, не күнәлар жасадым,деп тәубаға келіп, ар – ұятын түгендеп, жақсылық жасауға бекінеді екен.

Сондықтан да, құрметті бауырларым, қазіргі жас баладан бастап, еңкейген қарияға дейін, Жаратушымыз өлшеп берген ғұмырымыздың бүгін – бір күні, кеше – бір жылымыз өтті. Шынымен де, өлімге бір табан жақындағаныңызға шампан атып, той жасап қуанып жүрсіз бе? Онанда, өткен уақытта не істедім, қандай жақсы амалдар атқардым, Алланың алдына барғанда есебім не болады екен, - деп ойланып, жаманға өкініп, тәубаға келіп, игілікке ұмтылғанымыз жақсы шығар. Қызыл – жасыл қызықтар, күлкі театрлары, бір күлейіктің бәрі өтеді де кетеді, алдымызда не күтіп тұр?

«Мемлекеттік мереке», «Балалардың қуанышынан айырмақсыңдар ма?!", - деп айқайға басатын бауырларымыз ойланып көріңдерші. Бүкіл 18 мың ғаламды, сіз бен бізді жаратқан Жаратушы ма ризық беретін, әлде өз қаражатымызға «подарка» әперетін аяз ата ма? Жұма парыз деп, мешітке барасыз, оразада елден қалмайын деп ауызашар бересіз, Жұма күні құран оқытуға мешітке барып, шын пейілмен садақаны әдемілеп бересіз, жетім мен мұқтаждарға көмегіңізді беріп жүрсіз. Осы ізгі амалдарға, балаларымызға жақсы білім беріп, спорт секцияларына жетектеп апарып, телефонда отыратын бос уақыт қалдырмай, көркем кітаптар оқытып, жақсы тәрбие бергеніміз абзал болар.

Балаларға деген сыйлықтарымызды бір қалта тәттімен шектемей, ұрпағымызды сыйлық берушілер, қолы ашық ауқатты жомарттар, кәсіп иелері етіп тәрбиелейік. Мектеп бітірмек түгілі, аңдамай керек емес диплом «алып қойған» жастар жүр, қайда барарларын білмей. Мектеп қабырғасынан кім болам?, - деген сұраққа нақты жауап бере алатын алғыр ұрпақ керек бізге.

       Жастардың рухани тәрбиесіне қатты көңіл аударайық. Алып империялар, сырттан жаулап алғаннан емес, ішкі рухани дағдарыстан құлағаны тарих беттерінде жазулы. Ел ертеңін ойласақ, ұлтжанды, білімді, айбынды ұрпақ тәрбиесін қолға алуымыз керек. Жаңа жылды, тағы бір мерекені тойлау анауда- мынау деп диванның үстінде отырып, гений болмай, амал жасаушы, тынымсыздардан, еңбекқорлардан болайық.

   Мадияров Мирхат (Мірқожа): тарих ғылымдары кандидаты,

қоғамтанушы, дінтанушы,  эксперт маман.

                                                                      Алматы 02.01.2023ж.

          

 

Пікірлер