Астана қаласы, Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановты мырзақамаққа ауыстырудан бас тартты. Олар жаңа жылды изоляторда қарсы алады қарсы алады. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.
Сот өкілі Назгүл Бапақованың айтуынша, Астана қаласы, Сарыарқа ауданының No2 сотына Қайрат Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин мен сотталушы Роман Нахановтың адвокаты Сүлейменовтен қамауға алу жазасын жеңілдетуге өтініш келіп түскен. Олар айыптылардың жазасын жеңілдетіп, үйқамағына, мырзақамаққа ауыстыруды сұраған. Дегенмен:
"Қорғаушылардың өтінішхаттарында көрсетілген уәждер жоғарыда аталған соттарда қаралған, Наханов пен Боранбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер мен жағдайлар жоқ", - деді сот қазысы Назгүл Бапақова.
Осылайша, іс бойынша екі айыпталушы – Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов – қамауда, үшінші айыпталушы – Тайыр Жанұзақ – мырзақамаққа алынды.
2022 жылдың 17 наурызында кәсіпкер Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемдегі қылмысты - жымқыру жасады деген күдікпен қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
30 қыркүйекте оған қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, 30 желтоқсанда Астанада кәсіпкердің соты басталды.