Тоқаев Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды

3078
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен орталықтағы Смарт сыныптың жұмысымен танысты. Ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін «Ақылды сынып» ұйымдастырылған. Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады.

Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Президентке балалар бөлімшелерінде 351 бала ем алып жатқаны туралы баяндалды. Биыл бұл жерде 18 мыңға жуық бала емделген.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер