Аты аңызға айналған әйгілі футболшы Пеле 82 жасында қайтыс болды

3160
Adyrna.kz Telegram

Аты аңызға айналған әйгілі футболшы Пеле 82 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның қызы Келли Насименту инстаграм парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Бізде бардың бәрі сіздің арқаңызда. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Жатқан жеріңіз жайлы болсын", – деп жазды қызы.

Футболшының қайтыс болғанын оның агенті Джо Фрага да растады.

Пеле - әлемдік футбол тарихында үш рет әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы (1958, 1962, 1970). Ол 92 матчта 77 гол соқты. Кәсіби мансабында Пеле 1 281 гол соғып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Естеріңізде сала кетейік, Пеленің 2021 жылдың тамызында тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдыққаны анықталып, оны ауруханаға жатқызған. Қыркүйекте футболшыға шұғыл түрде күрделі ота жасалды, алайда дәрігерлер оған химиотерапия көмектеспей жатқанын хабарлаған еді. 26 желтоқсанда Пеленің отбасымен қоштаса бастағаны туралы ақпарат барлық БАҚ көздерінде тараған. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер