«Кешке қуырдақ жейміз»: Аққуды өлтірген тұрғын анықталды (ВИДЕО)

4958
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында аққуды өлтірген тұрғын анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аққуды ұстап алған ер адам көрсетілген бейнежазба таралған болатын. Полиция осы видео негізінде жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Бейнежазба Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Полиция бөлімімен «Ақпаратты есепке алу кітабына» тіркелді. Нәтижесінде бейнежазбадағы 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді»,- деді ведомство.

Мамандардың айтуынша, оқиға 2013 жылы балық аулау кезінде күріштік каналының жағасында болған.

Тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылады.

<

Пікірлер