"Үздік аттестатқа" үміткер еді". Суицид жасаған оқушылар туралы тың дерек шықты

3619
Adyrna.kz Telegram

Абай облысы, Жарма ауданы, Ақтайлақ би мектебінің жоғары сынып оқушылары кіші сыныптарға қысым көрсетіп, салдарынан 9-сыныптың екі оқушысы бір уақытта өз өзіне қол жұмсамақ болған еді. Осы оқиғаға байланысты  мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекші жұмыстан шығарылды. Қазір арнай құрылған топ оқушылармен тілдесіп, тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "aikyn.kz"-ке сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

Жарма аудандық білім бөлімінің мәліметінше, Айқын есімді 9-сынып оқушысы таңертең өз үйінің қорасында жіпке буынып қалған. Қайғылы жағдайдан кейін шұғыл мобильді топ құрылып, екі күн бойы мектеп тіршілігіне тексеріс жұргізді.

«Айқын бұл мектепте бірінші сыныптан бастап оқиды. Көпбалалы отбасында тарбиеленген ол бес баланың тұңғышы. Отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы. Айқынның бұрын өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері болмаған», – делінген ақпаратта.

Ал суицид жасамақ болғанда құтқарылған Айқынның сыныптасына қатысты тың деректер шықты. Қазір ол дін-аман. Оқушының өзінен үлкен 11-сынып оқушысымен ерегесіп, төбелескені белгілі болды.

Қазіргі уақытта мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды.

«Сынып оқушыларын әңгімеге тарту барысында Айқынның барлық сыныптасымен сыйластықта болғандығы анықталды. Өзгеге әрдайым көмекке келуге дайын болып, бәрінің көңіл күйін көтеруге тырысатыны айтылды. Кішіпейіл, адамгершілігі мол, әділ, карапайым ретінде сипатталды. Әрдайым сабаққа дайындалып келіп, өз ойын еркін жеткізетін. Озат оқушы болған ол «Үздік аттестатқа» үміткер еді. Мұғалімдерге ешқашан теріс мінезін көрсетпеген. Мәнерлеп оқудан республикалық байқаулардың, бокстан облыстық жарыстардың жүлдегері», – делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы Айқынның отбасына қайғыра отырып көңіл айтады.

Құрметті, Қазақ елінің азаматтары. Баршаңызды бір-біріңізге бауырмал болып, мейілінше, айналаңызға, кішіге, үлкенге жанашырлық, мейірім танытуға шақырамыз.

"Қазақты жамандама, қазақ бала!
Халық қой қазақ деген аз-ақ қана!
Мәңгілік Ай астында,
Жер үстінде
Қазақтың жанашыры қазақ қана!.."

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер