Алматыда цифрлық қызметтерді өз бетінше алатындар саны артқан

2926
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Алматыда азаматтар өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2022 жылдың 11 айында - 1 405 966 мемлекеттік қызметті өз бетінше алды. Тұрғындар 2021 жылдың осы кезеңінде 861 841 мемлекеттік қызмет алған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы бойынша 13 фронт-офис, 4 мамандандырылған ХҚО бөлім, 1 көші-қон бөлімі және 13 бэк-офис жұмыс істейді.

«Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2022 жылдың 11 айында 2 600 189 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде дәстүрлі форматта 2 585 281, электрондық форматта 14 908 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Азаматтар ағымдағы жылдың 11 айында “Connectionpoint” өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы - 1 345 361 мемлекеттік қызметті өз бетінше алды, 2021 жылдың осы кезеңінде 861 841 мемлекеттік қызмет алынған. Бұл дегеніміз, халықтың цифрлық сауаттылығы артып, қызметтерді өз бетінше алатындардың саны артты деген сөз», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Әлеуметтік қызметтердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығының желісі бойынша, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 91714, оның ішінде электрондық форматта 86 396 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық сомасы 400 миллиардтан астам (402 417 207 957,01) теңгеге төлемдер жүргізілді.

Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру, заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша,  2022 жылдың 11 айында 398 599 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде техникалық тексеру желісі бойынша – 329 009, Жер кадастры бойынша – 24 207 заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша - 45 383 қызмет көрсетілді.

Осы саланы тарқатып айтар болсақ, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру желісі бойынша ағымдағы жылдың 11 айында – 329 009 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ЭҮП арқылы – 147 377 қызмет алынған. Олар:

- құқықтық кадастрға жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу (пайдалануға беру актісі) - 2957, оның ішінде ЭҮП арқылы - 1846.

- жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру (техпаспортпен қорытынды беру) - 142 962, оның ішінде ЭҮП арқылы - 4345.

- жылжымайтын мүлікке техникалық паспорттың телнұсқасын беру - 842, оның ішінде ЭҮП арқылы – 293.

   Ағымдағы жылдың 11 айында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге 235 483 өтініш келіп түсті, оның ішінде ХҚО арқылы 90 341, БНАЖ арқылы 145 142 өтініш, сондай-ақ 2 168 телнұсқалар келіп түсті, құқықтық құжаттар мен көшірмелерін беру 2047. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама - 47.

Жер кадастры желісі бойынша 2022 жылдың 11 айында 24 207 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша ағымдағы жылдың 11 айында барлығы 45 383, оның ішінде ЭҮП арқылы - 24 835 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Атап айтқанда:

- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу - 830, ЭҮП арқылы - 14 068.

- Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу – 10050 қызмет, ЭҮП арқылы – 630 қызмет алынған.

- Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару - 2211, ЭҮП арқылы – 819.

- Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерді тіркеу бойынша - 196, ЭҮП арқылы - 9318, БНАЖ арқылы - 3746.

      Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы қаласындағы фронт-офистері бойынша айтар болсақ, 8 Халыққа қызмет көрсету орталығы, 4 мамандандырылған бөлім (автоХҚО), 1 көші-қон жөніндегі бөлім жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы 2022 жылдың 11 айында 1 515 272 қызмет, эдектрондық үкімет порталы арқылы – 14 540, “Connectionpoint” өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы  азаматтар өз бетінше 1 405 491 қызмет алған.  

  Фронт-офистер жұмысына жеке-жеке тоқталар болсақ:

      Алатау ауданының ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінде ағымдағы жылдың 11 айында 217 462 мемлекеттік қызмет көрсетілді, қағаз жүзінде – 216 151, электрондық форматта 1311 қызмет көрсетілді, "Connectionoint" өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы - азаматтар өз бетінше 399 645 мемлекеттік қызмет алды.

Алмалы ауданы бойнша барлығы 237 466,  қағаз жүзінде – 234 812, электрондық форматта 2654 қызмет көрсетілді, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 92 373 қызмет алынған.

Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі 11 айда 256 090 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Қағаз жүзінде – 253 000, Электрондық форматта 3094 қызмет, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында арқылы - 115 419 мемлекеттік қызмет алынған.

Бостандық  аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі бойынша 191 155 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қағаз жүзінде – 187 876,   Электрондық форматта  3279, өзіне -өзі қызмет көрсету секторлары арқылы - 86 839 қызмет алынған.

Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы 123 383, қағаз жүзінде – 122 839, электрондық форматта 544, өзіне- өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 94 811 мемлекеттік қызмет алынған.

 Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі 207 191 мемлекеттік қызмет көрсетті, қағаз жүзінде – 205 070, электрондық форматта 2121 қызмет, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы 93 286 мемлекеттік қызмет алынды.

   Наурызбай ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы 111 343, қағаз жүзінде – 110 624, электрондық форматта 719 қызмет көрсетілді, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы өз бетінше 303 979 мемлекеттік қызмет алынған.

Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімі арқылы 171 178, қағаз жүзінде – 170 360, электрондық форматта 818 қызмет көрсетілді, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 219 139 қызмет алынған.

     Алматы қаласының Мамандандырылған бөлімдерінде (автоцон) ағымдағы жылдың 11 айында 916 903 қызмет көрсетілді, “Connectionpoint” өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы азаматтар өз бетінше 475 қызмет алды.

Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №1 мамандандырылған бөлім арқылы азаматтар ағымдағы жылдың 11 айында 541 759 мемлекеттік қызмет алды.

Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №2 мамандандырылған бөлім 126 158 қызмет көрсетсе,  өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 102 мемлекеттік қызмет алынды.

Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №5 мамандандырылған бөлім 81 052 қызмет, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 94 мемлекеттік қызмет алынған.

Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №6 мамандандырылған бөлім 107 721 мемлекеттік қызмет көрсетсе, азаматтар "Connectionpoint"  өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 279 мемлекеттік қызмет алған.

  Алматыда 2018 жылы іске қосылған  Халыққа қызмет көрсету жөніндегі көші-қон бөлімі, ағымдағы жылдың 11 айында 68 619  мемлекеттік қызмет көрсетті.

  «Халықты қамтуды қамтамасыз ету және мүгедектермен жұмыс бағыты бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қарашаға дейін 2863 рет азаматтардың үйлеріне барып, 2739 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мобильді ХҚО-ның азаматтардың үйлеріне баруы жергілікті атқарушы органдар мен көші-қон полициясының аумақтық бөлімдерінің қатысуымен (келісім бойынша), бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Алматы қаласы бойынша 2022 жылдың соңына дейін Медеу ауданында NewCon ашуды және өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының санын арттыруды жоспарлап отырмыз» - деп қосты филиал директоры Абдурасул Мақсұдұлы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

 

 

Пікірлер