Өзбекстан қазақтары Тоқаевқа үндеу тастап, атажұртқа оралып жатқан қандастарымыз қандай қиыншылықтарға тап болатынын баса айтты. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Бостандық ауылының қазақтарымыз. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін этникалық қазақтардан атажұртқа оралғандарға үй салуға жер берілетін еді. Қазіргі таңда бұл тоқтатылды. Ұлы көштің байлануына да себеп осы. Қазіргі қандастарымыз атажұртқа оралғанда үй салу, жер алу мәселесі мойнымызға үлкен жүк салуда. Сол қандастарды атажұртқа қоныстандыру қасиетті парызымыз деп өзіңіз сөзіңізде тілге тиек еткендей, үй салуға жер беру мәселесін қайтадан жандандыруыңызды сұраймыз. Осы Қазақстандағы тұрғылықты қазақ бауырларыма айтарым өзге елде тілді, дінді, салт-дәстүрді, қазақ қыздарын өзге ұлттарға бермей сақтап келе жатқан балаларымызды сатқын деп айыпқа бұйырмауларыңызды сұраймын. Бұл Совет Одағының құйтұрқы көрсоқыр саясатының арқасында келген қасірет. Қазақ тілінің, қазақ жерінің қоншысы қазақ қана. Бір тілім жерді өзімізден-өзіміз қызғанбайық"-, деді қандастарымыз.
"Адырна" ұлттық порталы