Мемлекет басшысы Әзірбайжан президентін құттықтады

1335
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/25a2f8b2-b033-4f34-8028-66ce5bfd0298.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзірбайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады. Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Комментарии