Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға өседі – Дәурен Абаев

3052
Adyrna.kz Telegram

2025 жылға қарай мәдениет саласының қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға дейін өседі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Жамбыл өңіріне іс сапарында айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Министр облыс тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар мәселені көтеріп, жолданған сауалдарға жауап берді. Сөзінше сала қызметкерлерінің жалақысы 2021 жылдан бастап көтеріліп келеді.

“2025 жылға қарай 20/20%-дан 100%-ға дейін жетеді. Жалақылар екі есеге көбеймек. Мемлекет еңбекақыны көтеруге әрқашан нетті. Алайда біз инфляция мен экономикалық жағдайды да екеріп, есептеуіміз керек. Нарықтың да кіріс-шығыстары бар”,- деді Дәурен Абаев.

Одан бөлек, жауапты ведомство басшысы аймақтағы Арт спортқа 2 миллиард теңге бөлінгенін және келер жылдан бастап бұл бағытты қаржыландыру жұмыстарынан қиындықтар болмайтынын жеткізді.

Жиында спортшыларға өмір бойына берілетін төлемақыдан бастап, жас мамандарды уақытша баспанамен қамту, саладағы техникалық қызметкерлердің айлығын арттыру мәселелері қозғалды. Министр сауалдарды қарастырып, шешімін Үкіметке ұсыныс ретінде жолдайтынын мәлімдеді.

Пікірлер