Ресейлік депутат өз облысының астығын экспорттау үшін Қазақстаннан компания ашты

3227
Adyrna.kz Telegram
Фото: forbes.ru
Фото: forbes.ru

Ресейлік депутат Олег Колташов өз өңірінің бидайын экспорттау үшін Қазақстанда компания ашты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz -ға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасында тіркелген еншілес компания іске қосылды және белсенді жұмыс істеп жатыр. Ол халықаралық транзиттік тарифтің болуына байланысты біздің өңір үшін осы уақытқа дейін жабық болған Орта Азия нарықтарына дәнді дақылдарды сатумен және сатып алумен айналысады", - деді Колташов жаңа жоба туралы.

Басылым кәсіпкердің элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорнына иелік ететіндігін атап өтті.

Айта кетейік, Колташов – Қорған облыстық думасының депутаты.

Компания кеңсесі Петропавлда ашылған, өйткені бұл – Қорған қаласына ең жақын орналасқан қала.

"Қойма және элеваторлар толып кетті, қазіргі уақытта қолданыстағы өткізу нарықтары дақылдарды жедел жөнелтуді қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан Қорған шаруалары егінді сақтауда қиындықтарға тап болмас үшін жаңа бағыт ашуға тура келді", - дейді Колташов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер