"Қазіргі қадамдар ешкімге қажет емес деп ойлаймын". Путиннің көмекшісі екіжақты келісімге қатысты пікір білдірді

1126
Adyrna.kz Telegram
Фото& dzen.ru
Фото& dzen.ru

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков уақытша келісімге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков 13 наурызда Владимир Путиннің АҚШ-тың Украинадағы 30 күндік уақытша бітім туралы ұсынысына нақты және мазмұнды баға беруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол «Россия-1» телеарнасындағы «60 минут» бағдарламасында мәлімдеді.

"Біздің басты мақсатымыз – ұзақ мерзімді бейбіт реттеу. Біз соған ұмтыламыз. Бұл реттеу біздің елдің заңды мүдделерін және белгілі қауіптенулерімізді ескеруі керек. Ал бейбіт процесті тек имитациялайтын қадамдар қазіргі жағдайда ешкімге қажет емес деп ойлаймын", – деді Юрий Ушаков.

Скабеева Ушаковтан "Ресей бұл ұсынысты қабылдамайды дегенді білдіре ме?" деп сұрады.

Алайда президент көмекшісі бұл тек өзінің жеке пікірі екенін айтып, нақты шешімді бүгін өтетін баспасөз конференциясында Владимир Путин жариялайтынын жеткізді.

Айта кетейік, 11 наурызда Сауд Арабиясының Джидда қаласында Украина мен АҚШ делегациялары арасында келіссөздер өтті.

Украина 30 күндік уақытша бітімге келісуге дайын екенін білдірді. Ал АҚШ бұл ақпаратты Ресейге жеткізіп, бейбітшілікке қол жеткізудің басты шарты – екі тараптың өзара келісімі екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер