Астанада КамАЗ жүк көлігі LRT қоршауына соғылды (ВИДЕО)

3780
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Астана қаласында «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі  рөлді басқара алмай, LRT қоршауына соғылды. Бұл туралы Instagram-да видео жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 5 желтоқсан күні сағат 12:20 шамасында болған. Апаттан зардап шеккендер жоқ.

«КамАЗ маркалы көлігінің 31 жастағы жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатып, жол жамылғысын ескермей және рөлді басқара алмай, қоршауға соғылып, оны зақымдаған (бағанасы бүлінбеген)», – деп мәлімдеді Астана ПД баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адамдардың денсаулығына зиян келтiру, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Полиция көлік иелерін көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер