Бүгін Назарбаев әуежайында Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі ашылды

2826
Adyrna.kz Telegram

Бүгін елордадағы Назарбаев халықаралық әуежайында Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады. Тасымалдаушы — «Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «AnadoluJet». Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған", - делінген ресми хабарламада. 

Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер