Қазақстан мен Франция бірлесіп Жамбыл облысында жел электр станциясын салады

3383
Adyrna.kz Telegram

"Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салу туралы келісімге қол қойды. Екі ел арасындағы келісімге қол қою рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады. Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар”, – делінген хабарламада. 

Мәлімет бойынша, Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жоба жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер