"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы ауысты

2321
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы ауысты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, Ленин атындағы шахтадағы апатты тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның 3 қарашадағы баяндамасы АрселорМиттал Теміртауда осы маңызды шешімдерді қабылдауға негіз болған.

"Владимир Иванович Яблонский мырза "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып, Виктор Викторович Гафиулов мырза "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен ісі департаменті бас директорының міндетін атқарушы болып олардың қызметіне дереу кірісуімен тағайындалды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Биджу Наир мен Джелсон Батиста АрселорМиттал вице-президенті және АрселорМиттал ТМД бас директоры Виджай Гоялдың кеңесшілері болып тағайындалды.

"Бұл оларға ағымдағы жағдайға және 3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апаттың себептерін тергеуге толық назар аударуға мүмкіндік береді", - дейді компания.

Айта кетейік, Яблонский өзінің кәсіби қызметін 1989 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатында (қазіргі АрселорМиттал Теміртау) бастады. Оның металлургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар.

Пікірлер