Қайғылы оқиға: Екібастұз тұрғындары енді су астында қалды

1181

Саршұнақ аяз сергелдеңге салған Екібастұз тұрғындары енді су астында қалды. Қатты аязда жылуды өшіріп тастаудың салдарынан барлық құбырлар қатып қалған. Жылу қосқанда құбырлар жарылып, үй ішін су алған. Бұл оспадар жайт жайлы “Адырна” ұлттық порталы хабарлады.

Әлеуметтік желі қолданушысы Мұрат Рақымжан Екібастұздағы “қосарланған” қайғылы оқиға жайлы былай деп жазды:

- Екібастұзда – қайғылы оқиғаның екінші кезеңі басталды.Қатты аязда жылуды өшіріп тастағанының салдарынан барлық құбырлар қатып қалған. Жылуды қайтадан қосқан кезде батареялары жарылып, төменгі қабаттағы көршілердің үйін басуда. Суық сорғаны аздай, енді су сорғалап жатыр.Бірақ, төбесінен су, табанынан сыз өтпегендер оны қайдан ұға қойсын?! Бұған кім жауап береді, кім қалпына келтіреді? - деді автор.

Сонымен қатар, Қазнетте Екібастұз тұрғындарының суыққа шыдамай үйін тастап шыққан видеосы мен құбырлардың қайта жарылып жатқанына қатысты ақпарат тарап жатыр.

Қытымыр қыста сергелдеңге түскен халық:

“Күлетін,  табалайтын жай емес. Үкіметті отставкаға кетіруді талап ету керек. Пенсионер әкімдерін әкетсін!  Жұмыс стилін өзгерту керек!”, “Ойбууу.. Әбден сорлатқан екен”, “Осы жергілікті билік жазда не тындырады екен?”, “Депутаттар ұйықтайды, парламенттегілерге, президенттің көмекшілеріне бір миллион жалақы аз, тағы бір миллион қосыңыздар, сонда олар қатты ұйықтайды, үйлер түгел жарылады, жылу дегенің ерунда!” деп ашына жазуда.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket