Екібастұздағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің көмекшісі баланы тұншықтырған

1254
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_0705-960x500.jpeg?token=42be4b76749a75d8bb8b31baefa285d3
Екібастұзда балабақша тәрбиешісінің көмекшісі 2 жасар сәбиді көрпемен тұншықтырғаны анықталған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оның әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Тәрбиешінің көмекшісі өз әрекетін балаға зәбір көрсету мақсатында емес, керісінше, оны ұйықтатуға тырысқанын айтқан. Балабақшада 15 жылдан аса жұмыс істеген ол уақытша жұмыстан шеттетілді. Оқиға бойынша тергеу басталды.
Комментарии