Ресейдің Сахалин аралында газ жарылып, 9 адам көз жұмды

3198
Adyrna.kz Telegram
Фото: crimea.ria.ru
Фото: crimea.ria.ru

19 қарашада Ресейдің Сахалин аралындағы Тымовское ауылындағы тұрғын үйде жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәліметтер бойынша, оқиғаның салдарынан 9 адам мерт болды. Оның 4-уі бала. Тағы бірнеше адам қирандылардың астында қалуы мүмкін. Алдын ала мәліметтер бойынша жарылысқа газ балоны себеп болуы мүмкін.

Жаралыс салдарынан подъездердің бірі құлап, құтқарушылар қирандыларды аршып жатыр. Бұл жұмысқа 80 адам және 20 техника тартылған. Қазіргі таңда көрші подъездің құлау қаупі бар.

Өңір губернаторы Валерий Лимаренконың хабарлауынша, жарылыс болған үйде 33 адам тұрып жатқан. Олардың 23-і тірі.

Ал Ресейдің Бас прокуратурасы осы оқиға бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер