Украина Рамзан Қадыровқа іздеу жариялады

2903
Adyrna.kz Telegram

Украинаның Қауіпсіздік қызметі Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа іздеу жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президентке Қылмыстық кодекстің екі бабы, соның ішінде «басқыншылық соғыс жүргізу немесе агрессивті әскери әрекеттер» бойынша айып тағылып отыр.

Бұл бап бойынша санкция 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Айта кетейік, бұдан бөлек SBU 700-ге жуық жоғары лауазымды ресейлікті іздестіруде. Олардың арасында Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова, РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков бар.

Пікірлер