“Мухоряповтің бір түрі емес пе?”: Әбенов ресейлік дінтанушының Астанаға келуіне қарсы

3227
Adyrna.kz Telegram

Желіде ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдиновтың Астанадағы форумға қатысуы қызу талқыға түсіп жатыр. Өйткені, оның соғысты қолдайтын видеосы көптің ашуын туғызған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

4 желтоқсанда Астанада «Жаңа шынайылық» атты үлкен форум өтеді. Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, ол форумға белгілі қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, блогер Бейбіт Әлібеков пен ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдинов қатыспақ. Әлеуметтік желі қолданушылары Аляутдиновтың Украинадағы соғысты қолдап сөйлеген сөзін бөлісіп, форумға оның қатысуына жол бермеу керек деп пікір білдіріп жатыр.

Депутат Мұрат Әбенов те Facebook парақшасына Аляутдиновтың Қазақстанға келуіне қарсы екенін білдіріп жазба қалдырды.

«Бұндай қөзқарасы бар адам қазақ елінің жас азаматтарын не үйретпек, имам ретінде қандай уағыз айтпақ? Желтоқсанның басында Алматыда үлкен форум өткіземін деген жарнамасын байқадым. Тәуелсіз мелекетке қарулы әскермен күштеп кіріп "тәртіпке" келтіру керек дегенді қолдаған болса, ертер жеме-жемге келгенде бізді де жақтай қоймас.  Керек пе ол бізге? Мухоряповтің бір түрі емес пе "өзіміздікі-біздікі" деп жүргенде , арғы жаққа аунап түсетін?» - деп жазады Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде.

Пікірлер