Алматылық 659 адам кәсіптік оқыту курсын аяқтады

467

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау керектігін айты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Презмденттің бұл пәрмені алматылықтардың  кәсіп ашуға грант алып, жаңа мамандықты тегін игеруіне жол ақшаны ақиқат.  Бұл туралы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев мәлімдеді.

Басшысының айтуынша, Алматы қалалық  жұмыспен қамту орталығында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» қарқынды түрде жүзеге асып келеді.

«Біріншіден, мегаполисте жұмыссыздарды кәсіптік оқыту белсенді жүріп жатыр. Оқыту жұмыс берушілердің өтініші бойынша оқу орталықтарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында жүргізіледі. Оқу ұзақтығы 6 айға дейін. Жобаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша (50 мың теңге) мемлекеттік қолдаумен, (20 949 теңге) стипендиямен қамтамасыз етіледі. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды алған мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орнына (кемінде 12 ай мерзіммен) жұмысқа орналастыруға міндеттенеді»,- деді ол.

Айтуынша, биыл 25 мамандық бойынша 1002 адамды оқыту жоспарланған, бүгінгі таңда кәсіптік оқыту курстарына 1003 адам жіберілді, оның ішінде 659 адам оқуды аяқтады, 499 адам алған мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

«Бұдан басқа, жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріне дейін мемлекеттік гранттар беру көзделген - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға (29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер, АӘК және көп балалы ретінде, асыраушысынан айырылғанға байланысты жәрдемақы алушылар, қандастар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған мүгедектігі бар адамдар) өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сонымен қоса өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- дейді ол.

Айта кетейік, гранттар келесі бағыттарды дамытуға ғана беріледі: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, сатып алу, үй-жайды жалға алу ақысын төлеу.

«Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді»,- деп түсіндірді спикер.

Бүгінгі таңда мемлекеттік гранттарды 483 үміткер алды. Тағы 1086 үміткерге беру жоспарда.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket