Машкевич пен Тоғжановтың құшақтасып келе жатқан видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)

3401
Adyrna.kz Telegram

Қазнетте олигарх Александр Машкевич пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың құшақтасып келе жатқан видеосы кең тарап кетті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Желіні шулатқан видео Ақтөбе қаласында түсірілгені белгілі болды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, 8 қарашада Ақтөбедегі Жеңіс аллеясы қайта жөнделіп, халық игілігіне берілген.

"Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, ардагерлер мен ықшамауданның тұрғындары қатысты. Ақтөбе облысы әкімдігі мен ERG арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Жеңіс аллеясын жөндеуге 90 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді", - делінген ресми хабарламада.

Тоғжанов шара барысында "облыстың гүлденуіне қосқан үлесі үшін" Машкевичке алғыс айтты.

«Бұл — біздің өңірде жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта ERG компаниясымен бірлесіп атқаруды жоспарлап отырған ірі жобалардың бір бөлігі ғана. Мен облыстың гүлденуіне қосқан үлесі үшін Александр Машкевичке және компанияның Ақтөбедегі кәсіпорындарының барлық қызметкерлеріне алғыс айтамын. Өңір тұрғындарына жайлы демалыс орындарын құру, қаланы абаттандыру жұмыстары жалғаса береді», — деді Тоғжанов.

Машкевич болса Ақтөбе облысына дәл Тоғжановтың келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Ақтөбе облысының әкімі болып Ералы Тоғжановтың тағайындалғанына қуаныштымыз. Алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы ынтымақтастығымыз жемісті болатынына сенімдімін. Қаладағы ықшамауданды жаңарту мен түрлендіру бағытындағы жұмыстарымыз мұнымен аяқталмағанын жеткізгім келеді», — деді Александр Машкевич.

 

Пікірлер