Сербия мен Косово арасындағы жағдай қайтадан ушықты

834

Сербия әскері Президент Александра Вучичтің бұйрығымен ұрысқа дайындала бастады. Жағдайдың ушығуына Косоводағы серб нөмірлерін жергілікті нөмірлерге ауыстыру талабы себеп болған. Бұл жайлы Сербия қорғаныс министрі Милош Вучевич "Happy TV"-ге берген сұхбатында айтты.  

"Бас қолбасшы сананалатын ел Президенті Сербия қарулы күштерінің ұрысқа дайындалуына бұйрық берді. Аталмыш міндеттеме елімізге келген қатерге тойтарыс бергенге дейін мінсіз орындалатын болады", - деді министр.

Алайда Вучевич Косовомен арадағы қақтығыстың өршуін қаламайтынын жеткізді. Сербия саясатының тиімді форматта қақтығыстарды шешуге бағытталғанын, бірақ Белградтың оған көндікпей отырғанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket