Сеулдегі оқиға: Қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматы бары анықталды

2842
Adyrna.kz Telegram
Фото: JUNG YEON-JE/AFP via Getty Images
Фото: JUNG YEON-JE/AFP via Getty Images

Сеулдегі оқиғадан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматы бары анықталды. ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметі бойынша, Итаевон аймағындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің арасында 1996 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе облысының тумасы бар. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған», - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram-арнасы.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде.

Айта кетейік, сенбі күні Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қалың адам арасында қысылып қалып, 151 адам қаза тапты. Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары  жарақат алған 100-ге жуық адам бар екенін жазған еді.

Пікірлер