Оңтүстік Кореяда тергеушілер президентті тұтқындай алмады

1418
Adyrna.kz Telegram
Фото: AFP VIA GETTY IMAGES
Фото: AFP VIA GETTY IMAGES

Жоғары лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық істерін тергеу басқармасы (CIO) тергеушілерінің президент резиденциясына Юн Сок Ёльді ұстау үшін барғанынан кейін бес сағат өткен соң, сағат 13:30-да ордерді орындауды тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Yonhap News Agency жариялады, деп хабарлайды.  

“Ордерді орындау жалғасып жатқан қарсылыққа байланысты іс жүзінде мүмкін емес деп шештік және қызметкерлердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық себепті оны тоқтаттық”, – деп мәлімдеді CIO баспасөзге арналған хабарламасында.

CIO өкілдері тексеру жүргізілген соң, келесі қадамдар туралы шешім қабылдайтынын айтты.

“ Біз заңмен белгіленген рәсімдерді орындаудан бас тартқан күдіктінің әрекетіне байланысты терең өкініш білдіреміз”, — деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін хабарланғандай, қызметінен шеттетілген Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің резиденциясына келген тергеушілер оны ұстау барысында әскери қызметшілердің қарсылығына тап болды.

Ұстау шарасы соттың бұрын шығарған ордері негізінде жүргізілуде.

Еске салсақ, 14 желтоқсанда Оңтүстік Корея парламентінің 300 мүшесінің 204-і Юн Сок Ёльді президенттік қызметінен шеттетуге дауыс берген болатын. Бұл шешім елде оның әскери жағдай енгізуіне байланысты қабылданған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер