Қауіпсіздікке қатер. Оңтүстік Корея DeepSeek-ті жүктеуді шектеді

991
Adyrna.kz Telegram
Фото: FUTURE PUBLISHING VIA GETTY IMAGES
Фото: FUTURE PUBLISHING VIA GETTY IMAGES

Оңтүстік Корея Қытайдың DeepSeek жасанды интеллект чат-ботын жүктеуді шектеді. Бұл туралы елдің жеке деректерді қорғау жөніндегі мемлекеттік органдары мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қытайлық ЖИ қауіпсіздікке қатер болып саналды.

DeepSeek атауы әлемдік жаңалықтарда пайда болған алғашқы аптада Оңтүстік Кореяда чат-боттың танымалдығы өте тез артты. Ол қосымша дүкендерінде жылдам жоғары орындарға көтеріліп, бір апта ішінде миллионнан астам рет жүктелген. Бірақ бұл танымалдылықтың өсуі көптеген елдерде оның қауіпсіздік пен ұлттық қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарын тудырып, шектеулер енгізуге себеп болды.

Оңтүстік Кореяның жеке деректерді қорғау комиссиясы сенбі күні кешке DeepSeek қосымшасының App Store мен Google Play дүкендерінде қолжетімсіз екенін хабарлады. Бұдан бұрын бірқатар мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне чат-ботты жұмыс құрылғыларына жүктеуге тыйым салған болатын. Елдің президент міндетін атқарушы Чхве Сан Мок DeepSeek-ті «шок» деп атады, бұл тек жасанды интеллект саласына ғана емес, басқа да салаларға әсер етуі мүмкін.

Қосымша қазір жүктелмесе де, оны бұрын орнатқан адамдар қолдануды жалғастыруда, ал көптеген қолданушылар чат-ботты тек оның веб-сайты арқылы пайдаланады.

Қытайлық DeepSeek өз қосымшасын өткен айда шығарғаннан кейін, ол әлемдік технологиялық индустрияны дүр сілкіндіріп, АҚШ-тың жасанды интеллект саласындағы көшбасшылығына деген сенімділікті шайқалтып тастады. Ол әлемдегі ең танымал жасанды интеллект чат-боттарының біріне айналды, бірақ бірнеше елде оған шектеулер енгізілді. Себебі DeepSeek басқа осындай қосымшалар сияқты жеке деректерді жинай алады. Мысалы, электронды пошта мекенжайы мен туған күнін, сонымен қатар пайдаланушылардан алынған сұрауларды «есте сақтап», оларды өнімді жақсарту үшін пайдалануы мүмкін.

Оңтүстік Кореядан басқа, Тайвань мен Австралия да бұл қосымшаны мемлекеттік құрылғыларда пайдалануға тыйым салды. Австралия үкіметі бұл тыйымды DeepSeek-тің Қытайлық болуына ғана емес, оның ұлттық қауіпсіздікке төндіретін қатері бар екендігіне байланысты енгізгенін айтады.

Италияның реттеуші органы 2023 жылдың көктемінде қауіпсіздік себептерімен ChatGPT қосымшасын тыйым салғаннан кейін (қысқа уақыттан соң тыйым алынып тасталған), қазір дәл сол себептермен DeepSeek-ке тыйым салды және компаниядан өз деректерді қорғау саясатын жақсартуды талап етуде. Франция мен Ирландияның деректерді қорғау органдары да DeepSeek-ке қатысты сұрақтар қойып, оның жеке деректерді қалай өңдейтініне, атап айтқанда деректердің Қытайда орналасқан серверлерде сақталатынына байланысты алаңдаушылық білдірді.

АҚШ-тың заң шығарушылары да федералды деңгейде DeepSeek-ті мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс құрылғыларында пайдалануға тыйым салатын заң жобасын ұсынды. Ал Техас, Вирджиния және Нью-Йорк штаттарында бұл тыйым енгізілген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер