Мұнайлы өлкеде ерекше балаларға енді қазіргі заманғы тегін оңалту курстары қолжетімді

3585
Adyrna.kz Telegram

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жөндеу жүргізіліп, жаңа оңалту жабдығы орнатылған «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығында салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар, орталықта, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан Томатис-терапияның заманауи әдістемесі енгізіліп, балалармен сабақ өткізуге арналған сенсорлық бұрыш жасалды және балалар бассейні орнатылды. Жобаның құны 27 миллион теңгеден асып отыр.

«Біз 2019 жылдан бері «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтасып келеміз және серіктестерімізде болып жатқан оң жаңалықтарға қуаныштымыз. Ерекше балаларға арналған даму орталығының басшылығы тынымсыз ізденіп, балаларды оңалтуға барынша тамаша жағдай жасауға күш салатыны құптауға тұрарлық. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары бен еншілес ұйымдары жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік бастамаларды қолдау арқылы, біз, бүкіл ел бойынша өмір сүру сапасын бірге жақсартамыз», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Мұнда ай сайын 102 бала оңалтудан өтеді. Үш жыл ішінде орталықта тәрбиеленген 30-ға жуық ерекше бала қатарластарымен бірге балабақшаға баруға мүмкіндік алды, ал 15 бала мектеп табалдырығын аттады.

«Биыл «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 50 балаға 120 тегін курс ұйымдастырылуда», - деді орталық басшысы Арайлым Нұғманова.

Орталық психикалық және сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизм, церебральды сал ауруы және Даун синдромы бар балаларды жан-жақты дамытумен айналысады. Орталықта балаларға АВА-терапия, нейрогимнастика, сенсорлық интеграция, бейімделген спорт әдістері арқылы кешенді көзқарас қолданылады және логопед, психолог қызметтері көрсетіледі.

 

Пікірлер