Шенеунікше төбелес. Қаржы агенттігі мәлімдеме жасады

1352
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Қаржы мониторингі агенттігі Атырауда шенеуніктердің қатысуымен болған төбелеске олардың қызметкерлерінің ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына қатысты оқиғаға байланысты тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оқиға орнында департамент қызметкерлері болған жоқ", – делінген агенттіктің хабарламасында.

ҚМА қоғамды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, жалған мәліметтерге ермеуге кеңес берді.

Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары ауыр жарақат алып, комаға түсті деген ақпарат тарады.

Бұған дейін төбелеске прокуратура мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысқан деген ақпарат тараған болатын. Алайда Қаржы мониторингі агенттігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Атырау облыстық полиция департаменті оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер