"Мәйітін көміп тастаған": Қарағандыда із-түссіз жоғалған азаматтың денесі табылды

2081
Adyrna.kz Telegram

Қарағандылық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен азаматтың мәйітін тапты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

33 жастағы қала тұрғыны 15 шілдеден бастап із-түссіз жоғалуына байланысты іздеуде болған. Оның нақты мекенжайын анықтау шаралары екі айдан астам жүргізілді. Полиция қызметкерлері азаматты анықтау жұмысына барлық күш құралдарды жұмылдырып, оның жақындары мен таныстары бойынша да ақпараттар жинады.

“Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған азаматты өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол жәбірленушімен сөзге келіспеушілік барысында оған дене жарақаттарын келтіріп, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті жер үйлердің бірінің қорасында көміп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді”, -деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер