Қазақстанның орыс тілін дамыту жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы ұсынысын қолдаймыз — Путин

5048
Adyrna.kz Telegram

Ресей Қазақстанның орыс тілін дамыту жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы ұсынысын қолдайды және оның тез арада жүзеге асуына ықпал етеді. Бұл туралы жұма күні ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі барысында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлының орыс тілін қолдау және насихаттау жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы бастама көтергенін атап өткім келеді. Бұл үшін Тоқаевқа алғыс айтамын. Менің ойымша, бұл барлығы үшін маңызды»,—деді ол.

Пікірлер