Мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын арттыру және ШОБ дамытудағы өсу нүктелерінің бірі ретінде әйелдердің әлеуеті Орталық Азиядағы ең үлкен 2022 Digital bridge форумы аясында өткен Technowomen Kazakhstan «Цифрлық экономикадағы әйелдердің мүмкіндіктері» панельдік сессиясында атап өтілді.
Technowomen технологиялық салалардағы әйелдерді қолдаудың белсенді қозғалысына қатысушылары цифрлық экономикаға көшудің маңыздылығын және онымен ашылатын мүмкіндіктерді атап өтті.
Сессия модераторы, ПХБ атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева да ШОБ субъектілерінің 80%-ға жуығы әлсіз немесе мүлдем технологиялық емес болып саналады, дегенмен бұл Қазақстан экономикасында әртүрлілікті енгізудің негізі болып табылатындығы туралы мәліметтермен бөлісті. «Егер біз аналогтық ШОБ-тер атышулы кванттық секіріс жасайды деп ойласақ, біз ойша артта қалдық десек те болады. Ірі корпорациялардың цифрлық қызметтерін пайдалануға дағдыланған тұтынушы бұдан былай өзгертуге мәжбүр ШОБ-тың төмен технологиялық бизнес үлгілеріне қолдау көрсете алмайды. Бұл әйелдер үшін жақсы мүмкіндік», - деді ол.
Мәселен, ШОБ секторындағы компания басшыларының 43%-ы әйелдер, оның ішінде 52,57%-ы жеке кәсіпкерлер.
Цифрлық экономикамен байланысты жаңа тауашалар сонымен қатар табысы төмен салаларда жұмыс істейтін әйелдердің 56% дерлік табысын арттырады. «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының жетекшісі Азиза Шөжеева атап өткендей: «Елдегі әйелдердің басшылық қызметтегі орнын күшейтіп, шешім қабылдау жүйесіндегі әйелдер үлесін арттыру қажет. Бұл үшін қазірдің өзінде әйелдердің квазимемлекеттік және мемлекеттік сектордың Директорлар кеңесіне қатысуы үшін арнайы 30% квоталар бекітілген. Бұл норма 1,5 мыңнан астам білікті әйелдердің кадрлық әлеуеті бар 500-ден астам ұйымға қатысты болады».
Корпоративтік басқару институтын дамытудағы және инвестициялық тартымдылықты арттырудағы әйелдердің әлеуеті тақырыбын инвестициялық банкир Әсем Кенжебек жалғастырды: «Тек халықаралық үкіметтік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлар да компаниялардың бақылаушы және атқарушы органдарында әйелдердің болуы туралы талаптарды енгізеді. Мысалы, Гонконг қор биржасында листинг үшін құрамда әйелдердің болуы туралы қатаң талап бар, әйтпесе жоба листингтік комиссиядан өтпейді. Және бұл гендерлік теңдік туралы емес, әйелдердің жоғары жауапкершілігі туралы.
Әйелдердің әлеуеті әбден ақталған, өйткені ғылыми дәрежесі барлардың басым көпшілігі әйелдер. Сонымен бірге, талқылау аясында әйелдердің IT-технологиясын дамытудың тауашасы ретінде IT саласындағы кадр тапшылығы тақырыбы көтерілді.
«Қазақстандағы IT-компаниялар атап өткен IT мамандарының жетіспеушілігі әйелдерге жаңадан бастағандар үшін ғана емес, сонымен қатар мамандығын өзгерткісі келетіндер үшін де «АТ-ке түсуге» мүмкіндік береді. Жұмыс орындарын әртараптандыратын компаниялардың табыс деңгейі 21% жоғары». – деп атап өтті сессия спикері, Documentolog бас директорының орынбасары Мәдина Дусмағамбетова.
Қазақстандағы гендерлік риторика бірте-бірте жүйелі арнаға өтуде. Әйелдер үшін ашылатын мүмкіндіктер дер кезінде және стратегиялық маңызды. Қазақтың ару жартысы қоғам мен мемлекеттің үмітін ақтай берсін деген тілек қалды.
Digital Bridge халықаралық форумы Астана қаласында 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл форумның бағдарламасы аясында 45 панельдік сессия, технопарктер көрмесі, ІT-стартаптар аллеясы, IT-мектептер көрмесі, IT-вакансиялар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle жарысы қарастырылған.
Ұйымдастырушылар - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласы әкімдігі мен Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі.
Форумның бас демеушісі – Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - Казахтелеком, Freedom bank, Tengizchevroil, My Car, Tech culture, Huawei, G42, Halyk Bank, Bigroup, Prime source, Glovo, SF, Leica, BI Group, OneWeb, Citix.
"Адырна" ұлттық порталы