“Орыстарды өлтіру керек”: Қазақстан елшісі Ресейдің сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

4007
Adyrna.kz Telegram
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған Қазақстан тарапы ешуақытта шығарып жібермеген Украинаның республикадағы елшісі Петр Врублевскийге қатысты жағдайды қабылдауға болмайтынын айтқаннан кейін Ресейдегі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол орыстарды өлтіруге шақырған еді.

Петр Врублевский Астанаға қайта оралып, елшілік жетекшісі ретінде дипломатиялық кездесулерге қатысып жүрген.

«Бұл адам Қазақстанның астанасында қайта пайда болды. Ол «жүгін жинап, отбасын алып кету» үшін келмегені көрініп тұр. Ешкімнен жасырынбай дипломатиялық кездесулерге қатысып жүр. 4 қазанда Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевты шақыртып алып, бұндай жағдайдың қолайсыз екенін мәлімдеді», – деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

Айта кетейік, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында орыстарды өлтіру керегін айтқан болатын. 

«Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген еді.

Кейін Петр Врублевский дөрекі сөздері үшін кешірім сұрады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан билігі Украина елшісі Петр Врублевскийді елден шығару туралы талап қоймағанын мәлімдеген болатын.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер