Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол

3600
Adyrna.kz Telegram

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол», деп нақыл сөзін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде қалдырып кеткен Махатма Гандидің ерен еңбегін бүгінгі үнді халқы ғана емес, дүниежүзі халықтары да мәңгі есте тұтып, жыл сайын  2 қазанда қайсар тұлғаны еске алу мақсатында әлем бойынша «Халықаралық зорлық-зомбылықсыз күні» ретінде атап өтеді.

Осыған орай, 2  қазан 2022 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімі Үндістанның Алматыдағы консулдығының өкілдерімен бірлесе отырып, Алматыдағы Ганди саябағында М.К. Гандидің туған күніне арналған еске алу шарасын өткізді.

Ганди саябағында аталып өткен шара екі елдің Әнұрандарының орындалуымен басталып, үндітану бөлімінің студенттері тарапынан Үндістанның ұлт көсемі М.Гандидің нақыл сөздерінің оқылуымен аяқталды. Сонымен қатар Үндістанның Алматыдағы өкілдігінің консулы Амит Кумар Мишра мырза сөз алып, қала қонақтары мен бүкіл үнді халқын атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Рухани-танымдық диалогты жүзеге асыруды мақсат еткен шара барысында үнді ұлтының біртуар данасы, саяси қайраткер Махатма Гандидің өмірі мен еңбектері туралы құнды ой-пікірлер айтылды.

Дариға Кокеева

Шығыстану факультеті

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі

Пікірлер