Енді еңбегі сіңген тұлғаларға тірі кезінде де ескерткіш орнатуға болады

1590
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуға және басқа да ерекше жетістіктері үшін көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштерді енді тірі кезінде қоюға болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

2020 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің № 103 бұйрығына «Монументалды өнер құрылымдарын орнату ережелерін бекіту туралы» өзгерістер енгізілді. Енді көрнекті тұлғаға ескерткіш орнату үшін оның қайтыс болғанына кемінде бес жыл өту керек. Тек қана батырлық пен ерлікті көрсету, мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай үлес қосу және маңызды тарихи оқиғаларды жүзеге асыру жағдайларында бұл мерзімге шектеу қойылмайды.

Облыс әкімдіктері ескерткіштерді мемлекеттік және бюджеттік емес қаржы көздері есебінен орнататын болады. Ескерткіштер көрнекті тұлғалардың мерейтойларына, маңызды тарихи оқиғаларға орай орнатылып, Үкіметтің қаулысымен белгіленген. Бұл тұлғаның есімі республикалық ономастикалық комиссия бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде болуы керек.

Сонымен қатар, бір елді мекенде бір көрнекті тұлғаға немесе тарихи оқиғаға тек бір ескерткіш орнатылуы мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Чикаго опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер