Шетелдіктер туралы хабарлама бермегендер жауапқа тартылады

1704
Adyrna.kz Telegram

БҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншин қонақүйлердің, хостелдердің, пансионаттардың, жатақханалардың, жалға берілетін пәтерлердің иелерін  көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

       – Шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті. Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі. Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда жоғарыда аталған меншік иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 АЕК, айлық, қайталанған жағдайда 100 АЕК дейін айыппұл қарастырылған, бұл 306 мың теңге, – деді Жанболат Жаншин. 

          Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады vmp.gov.kz немесе egov.kz арқылы.

Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттық деректері жеткілікті. Екінші әдіс, Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады. Үшінші оңай әдіс–ApStore немесе PlayMarket-тен e-Qonaq қосымшасын жүктеу. Хабарлама екі қадаммен беріледі. Тіпті смартфонның камерасы арқылы төлқұжатын сканерлеу арқылы шетелдіктің төлқұжат деректерін жүктеу мүмкіндігі бар. Хабарламаны авторизациялау және толтыру интуитивті. Бір минут уақыт алады.

 

Пікірлер