2022 жылғы жоспар бойынша 600 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілмек. Облыста «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша былтыр облыста 74 тұрғын 37 379 мың теңгенің үй сертификатын алды.
Әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын азаматтардың әрқайсына құрылыс бағдарламасына сай 1,5 миллион теңге көлемінде сертификат берілген. 2011-2015 жылдары республикалық бюджет есебінен көппәтерлі үйлерді жөндеуге 1 744 млн теңге бөлінді. Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында былтыр үйлерді жаңғырту үшін 30 жобаны жүзеге асыруға 424 388 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 9 жоба бойынша үйлердің жеделсатысы ауыстырылған. Биыл үйлерді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 279 648 мың теңге (9 жоба) бөлінді.