Светқали Нұржан: Ресейден құйылған қара топаннан Отанды қорғау - әр қазақтың міндеті

3392
Adyrna.kz Telegram

Рухты ақын, "Шыңға ілінген жетім жұлдыз", "Шамдалдағы нұр", "Аруана", "Жұлдыздардың жұпары» жыр жинақтарының авторы  Светқали Нұржан ресейлік азаматтардың Қазақстанға қарай үдере көшуіне қатысты азаматтық пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Мен Светқали Нұржан - қазақ қаламгерімін. Ай астында Қазақияның дүние тұрғанша тұруын жатпай-тұрмай тілейтін пәруананың бірімін. Бүгінгі таңның ақиқаты - Ресейден тасқындап құйылып жатқан қара топаннан дара Отанды қорғап қалу - Президенттен бастап, кез келген өзін қазақ сезінетін перзенттің қасиетті парызы!

Ақын Светқали Нұржан ұдайы еліміздегі қоғамдық-cаяси өзгерістерге, әлеуметтік проблемаларға қатысты өзінің азаматтық ұстанымын ашық айтып келеді.

- Өз елінің заңына бағыну - әр адамның міндеті, сондықтан қысылшаңда отанын тастап қашқандар бізді қарқалләзи [қарқ] қылмайды. Онсыз да қасиетті тілімізге қатер төніп, жұмыссыздық пен қымбатшылық қабындап тұрғанда бұл ылайлы тасқын жығылғанға жұдырық болуда. Сондықтан барлық халықаралық, мемлекеттік заңдар мен заңдылықтарды іске қосып, жедел тосқауыл қоюды талап етемін! - деп жазды ақын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер