Атырауда тұрғын үйлер мен зираттарды тонаумен айналысқандар ұсталды

2726
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Атырауда тұрғын үйлер мен зираттарды тонап келген 4 адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Департамент мәліметінше, күдіктілердің жасы  29-33 жас аралығында.

«Атырау қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде шаһар аумағындағы тұрғын үйлерге, оған қоса зираттарға ұрлыққа түскен 1989, 1992, 1992 және 1993 жылы туған төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер ақпан-мамыр айлары аралығында алдын ала сөз байласу арқылы Атырау қаласы аумағындағы зираттардан металл айшықтар мен құлпытастарды қолды етіп, марқұмдардың туыстарына 3 млн 570 мың теңгеге материалдық шығын келтірген.Ұрлықты кәсіп еткендер бұл қылмыстық іс-әрекеттерімен шектелмей, Атырау қаласының шағынаудандарындағы 6 тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы әртүрлі өндірістік техникаларды, алтын бұйымдарды, ойын приставкасын, құрылыс құралдарын жасырын жымқырған. Сөйтіп, тұрғын үй иелерін 6 млн теңгеге шығынға батырған», - делінген хабарламада.

Төрт күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1,2,3) тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық іс заңды шешім шығару үшін сотқа жолданды.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер