Оқулыққа сын айтып, желіні шулатқан әйел көпшіліктен кешірім сұрады

6440
Adyrna.kz Telegram

2-сыныптың "Қазақ тілі" пәні оқулығында таңбаланған "Жазбаша сөйлеу" тіркесіне шүйліккен азамат өз қателігін түсініп, қалың көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

 - Осыдан бірнеше күн бұрын 2-cыныптың "Қазақ тілі" оқулығындағы "жазбаша сөйлеу" деген ережеге қатысты видео түсірген болатынмын. Сол видеодағы пікірімнің білместіктен, өзімнің ережені ұмытып қалғандығымнан болғандығын мойындаймын. Шынымен де, ондай ереже бар, орынды жазылған. Бәрі дұрыс. Сонымен қатар, осы кітаптың жарыққа шығуына үлес қосқан әрбір адамнан, авторларынан, оқу-ағарту министрлігінен, бәрінен, оларды "идиот" деп атағаным үшін кешірім өтінемін, - деді видеода желі қолданушысы.

Сонымен қатар, видео авторы өзін жазғырғандарға бұл әрекеттерін тоқтатуды, себепсіз даурықпауды, "бір адамның видеосына бола қаншама жандардың еңбегін аяққа таптап, оларды қараламауын" өтінеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер