Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды

2450
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болған. Көрші елдің әскери қызметшілері тараптар арасында бұрын қол жеткізілген уағдаластықты бұзған. Қырғыз Республикасы шекарашылары Тәжікстанның шекара отрядын тапты.

«Қырғыз тарапының аумақтан шығу туралы талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғыз Республикасының шекарашылары да қару қолданған. Атыс басталып, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша дүркін-дүркін атыс болып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Баткен шекара отрядының бастығы аттанды. Шекара қызметінің Баткен облыстық басқармасының бастығы, полковник Қиялбек Төленбаев пен Тәжікстан Республикасы Шекара әскерлерінің Соғды облыстық басқармасының бастығы, генерал-майор Х.Пиракзода арасында қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсатында телефон арқылы сөйлесті. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр», – деп жазылғанведомство хабарламасында.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер