Чехов атындағы кітапханада Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті

3620
Adyrna.kz Telegram

Бүгін А.П.Чехов атындағы кітапханада Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кеш өтті.

«Өнер» баспасының бас директоры Әшірбек Көпіш, жазушы, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, журналист Гүлзейнеп Сәдірқызы арнайы қонақ болып келіп, Шерхан атамыз шығармашылық жолына, өмір жолдарына тоқталып, жастардың сүйіспеншілігіне бөленді.
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, дәстүрлі әнші Қанат Бүрлен «Елім менің», «Құмған алған», «Туған жерім тамаша» әнін домбырамен әуелетсе, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлдің шәкірттері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері Медет Батыржан, Жібек Болатжанқызы, Абдурахман Ғабитұлы «Мылтықсыз майдан» шығармасынан үзінді ұсынып, сахналық қойылымды Әшірбек Көпіш ағамыз «Шерхан Мұртазаның жас кезін көргендей болдым» деп жоғары бағалады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің филология факультетінің студенттері, № 147 мектеп-гимназияның оқушылары кештің мәнді де сәнді өтуіне белсене атсалысты. Кешіміздің ұнағаны соншалық, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Қабдеш Жұмаділге осындай кештер ұйымдастырылса деген деген ұсыныс түсті. Осындай ұрпақ өсіп келе жатқанына іштей қуандым.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық порталының авторы әрі бас редакторы Арман Әубәкірге, осы кешті арнайы келіп түсірген «Алматы» телеканалына шын жүректен үлкен алғыс білдіреміз!!!

Шерхан Мұртаза атамыздың рухы әркез қолдап жүрсін деп тілек айтқым келеді.

Айнұр Балаубаева

Пікірлер